Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде бекітілген жоспарға сәйкес, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу «Басшылық құрамның, азаматтық қорғаныс құралымдарының жеке құрамның және педагогикалық ұжымның өртті оқшаулау мен жою, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету кезіндегі іс-қимылдары» тақырыбына арналды.
Оқу-жаттығу №1 оқу корпусында басшылық құрамның, азаматтық қорғаныс құралымдарының, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтті. Жаттығу барысында эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану іс-қимылдары пысықталды.
Қатысушылар ұйымшылдықпен әрекет етті.. Төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл тәртібі мен хабарлау жүйесінің дайындығы тексерілді. Нәтижесінде оқу-жаттығу алдына қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.