Бүгін, 25 қыркүйекте, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Али Мехтиев, архитектура-құрылыс факультетінің деканы Данияр Токанов және «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры Оюм Балабаевтың шведтік SKF компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Бұл компания – мойынтіректер, мехатрондық компоненттер, тығыздағыштар мен майлау жүйелерін өндіру бойынша әлемдік көшбасшы, сондай-ақ инженерлік шешімдер жеткізушісі.
Кездесу барысында ғылыми-зерттеу, білім беру және өндірістік қызмет аясында екіжақты ынтымақтастық орнату перспективалары талқыланды. Сонымен қатар инновациялық әзірлемелерді енгізу, бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ университеттің студенттері мен оқытушылары үшін SKF мамандары тарапынан тағылымдамалар мен мастер-кластар ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға мүдделілік танытып, инженерия мен машина жасау саласында ғылымды, инновацияларды және тәжірибеге бағытталған оқытуды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру қадамдарын белгіледі.