Saginov Technical University-де конституциялық реформаларға арналған ақпараттық эдвайзерлік сағат өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті АТФ-тің 1курс студенттеріне «Конституция-2026: біздің құқығымыз – біздің болашағымыз» тақырыбында ақпараттық эдвайзерлік сағат өткізілді.

Спикерлер – Ақпараттық технологиялар факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зауре Қартова және оқытушы, г.ғ.м. Бота Ильясова конституциялық өзгерістердің мазмұнына кеңінен тоқталды.

Студенттерге конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, мемлекеттік институттарды нығайту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы түсіндірілді. Арнайы назар жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне және азаматтық белсенділігіне аударылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас буынға Конституцияның жаңа жобасы мен алдағы референдумның мән-маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Без рубрики