Saginov Technical University-де кәсіптік бағдар беру бойынша кездесулер өтті


Saginov Technical University-де 4-курс білім алушыларына магистратураға түсу және екінші жоғары білім алу мүмкіндіктері бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор А.К. Калыков, Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Ж.Г. Ибрайбеков, магистратура және докторантура бойынша қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Н.Г. Амантаев, сондай-ақ факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар студенттермен еркін пікір алмасты.

Кездесу барысында магистратураға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер және құжат тапсыру кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Айта кету керек, магистратураға түсушілерден өтініштер Ұлттық тестілеу орталығы ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

2026 жылға арналған магистратураға қабылдау мерзімдері:

• өтініштерді қабылдау: 1 маусым – 8 шілде; 28 қазан – 10 қараша;

• кешенді тестілеу: 20 шілде – 10 тамыз; 18 қараша – 11 желтоқсан (шамамен);

• конкурсқа қатысу: 12–15 тамыз (шамамен); 9–13 желтоқсан (шамамен);

• оқуға қабылдау: 28 тамызға дейін; 10 қаңтарға дейін.

Толық ақпарат алу үшін⤵️

🔹МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ

📍Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 (324 кабинет)

📞📱☎️ (call, w/app): +7 (7212) 56-78-38; +7 (700)-595-92-59; +7 (771) 031-02-10.

🔹ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

📍Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1-корпус (102-кабинет)

📞📱☎️ (call, w/app): +7 (7212) 56-44-22;

Без рубрики