Saginov Technical University-де Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті


Басқарманың кеңейтілген отырысында университеттің 2025-2026 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларын іске асыру аясы талқыланды. Шара барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша әкімшілік басқарманың, сондай-ақ академиялық мәселелер департаментінің ақпараты тыңдалды.

Атап айтқанда, қойылған міндеттерге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін факторларды талдау және оларды жоюға бағытталған жүйелі тәсілді қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері тарапынан бірқатар ескертулер айтылып, тиісті ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы – Ректор барлық құрылымдық бөлімшелерге 2025–2026 оқу жылына арналған университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларын толық әрі сапалы іске асыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

 

Без рубрики