Saginov Technical University-де Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті


23 желтоқсан күні Saginov Technical University-де 2025–2026 оқу жылына арналған ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларды іске асыру аясында Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында тау-кен факультетінің деканы Жолмағамбетов Н.Р. мен ғылым және инновациялар департаментінің директоры Сулеев Б.Д. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын баяндады.

Сондай-ақ қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін бағалау, тренингтер мен семинарларды тұрақты түрде өткізу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттарын енгізу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері тиісті ұсыныстар енгізіп, жоғары оқу орнының барлық құрылымдық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларды іске асыру үшін жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Без рубрики