Saginov Technical University-де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті


Мерекелік шараны ашқан Басқарма Төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева Қарағанды техникалық университетінде еңбек етіп жүрген нәзік жанды әріптестердің оның дамуына қосып келе жатқан үлестерін ерекше атап өтті.

«Білім мен ғылымның дамуына, жастарды тәрбиелеуге және қоғамның өркендеуі жолында сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Әріптестеріміздің кәсібилігі мен адалдығы университеттің дамуы мен абыройының асқақтауына маңызды үлес қосады. Мейірім мен ізгіліктің символы саналатын көктемнің жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық және шығармашылық табыс тілеймін», – деді ректор Сауле Сагинтаева.

Сондай-ақ Басқарма мүшелері – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Қанапиянов, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев, цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров және әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов әр тілде құттықтау тілектерін білдіріп, әріптестерге тосын сый жасады.

Шарада «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» халықтық би ансамблі, университеттің «Жас Орда» жастар қауымдастығының белсенділері және Конфуций институтының оқытушысы Чжоу Юаньци өз өнерлерін ортаға салып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Университетіміздің барша оқытушы ханымдары мен қызметкер азаматшалары, білім алушы қыздар қауымын осы айтулы күнмен құттықтаймыз! Шырайлы мереке көңілдеріңізді гүлге, жандарыңызды шуаққа бөлесін!

Без рубрики