2 желтоқсан күні Saginov Technical University-де 2025-2026 оқу жылына арналған ЖОО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларды іске асыру аясында басқарманың кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырыс барысында факультеттер декандары: энергетика, автоматика және телекоммуникациядан Ф.Н. Булатбаевтың, металлургия және машина жасаудан А. М. Мақашеваның, көлік, логистика және инженерлік экономикадан Э.Ж. Қызылбаеваның, сондай-ақ сәулет және құрылыс факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С. Түсіпбековтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстары тыңдалды.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты рәсімдерді нақтылау және рәсімдеу, тренингтер мен семинарларды тұрақты өткізу, білім беру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысында Басқарма мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жұмысты жақсарту жөнінде тиісті ұсыныстар енгізді.






