Saginov Technical University Азияның үздік университеттерінің қатарына енді


— Ғылым мен білімнің халықаралық беделінің өсуі – еліміздің дамуының басты кепілі, — деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының жетістіктері Республикамыздың зияткерлік әлеуетінің өсуінің жарқын көрінісі болып табылады. Осыған сәйкес, Орталық Азиядағы үздік 20 университеттің ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті де аталып өткен. Ал Азиядағы 1500-ден астам университеттердің ішінде біздің университет әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін растай отырып, 303-ші орынға ие болды.

Бұл мақтаныш, сонымен бірге білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және жаңа, одан да жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін заңды себеп болары сөзсіз. Бәсекелестіктің күшейе түскеніне қарамастан, Saginov Technical University негізгі көрсеткіштердің басым бөлігі – академиялық бедел, ғылыми жарияланымдардың дәйексөзділігі, жұмыс берушілер арасындағы бедел және халықаралық ынтымақтастық бойынша тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Жыл сайын британдық Quacquarelli Symonds (QS) агенттігі құрастыратын Asia Univtrsiny Rankings жоғары оқу орындарының академиялық сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігі ең беделді көрсеткіштердің бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Биылғы жылы ол Азияның 25 елінің университеттерінің басын біріктіріп, өзінің бүкіл тарихындағы ең ауқымды болып табылды.

Без рубрики