Сәулет-құрылыс факультетінің деканы халықаралық конференцияға қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің деканы Данияр Тоқанов AGH Ғылым және технология университеті ұйымдастырған (Польша. Краков қ.) халықаралық конференцияға құрметті қонақ ретінде қатысты.

Іс-шара барысында Д. Тоқанов университеттің жетістіктерін таныстырып, еуропалық әріптестермен академиялық және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы инновациялар мен тұрақты даму тақырыбындағы арнайы сессияларға қатысты.

Конференцияға қатысу университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға және академиялық беделін арттыруға маңызды қадам болды.

Без рубрики