Сәттілік, IT-мамандар!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлектері үшін қуанышты және бір мезгілде қайғылы кезең — дербес өмірге қадам басуды білдіретін диплом алу және ЖОО-мен, өз оқытушыларымен, курстастарымен қоштасу уақыты келді.

Бірінші болып инновациялық технологиялар факультетінің 322 түлегі диплом алды. Салтанатты шара Жастар сарайының акт залында өтті.

Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор – Басқарма мүшесі А. М. Темербаева болашақ мамандарға Басқарма төрағасы – Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибатов М.К. құттықтау сөздерін және жылы лебіздерін жеткізді.

Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор – Басқарма мүшесі А.М. Темербаева болашақ мамандарға дипломдарды табыстай отырып, «Биылғы түлектер университетке оның негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, ҚР ҰҒА академигі Ә.С. Сағынов есімін бергеннен кейінгі алғашқы түлектер болып табылады және сол арқылы ЖОО тарихына енеді», — деп атап өтті. Өз сөзінде ол оларды қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, білімін үнемі толықтырып отыруға шақырды.

Түлектерді университеттің атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Исағұлов А.З. құттықтап, олардың барлығы сұранысқа ие мамандарға, жаңа Қазақстанның лайықты құрылысшыларына айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ факультет деканы Самашова Г.Е., бітіруші кафедралардың меңгерушілері Калинин А.А., Коккоз М.М. және Такибаева А.Т., топ кураторлары, өткен жылдардың түлектері сөз сөйледі.

Біздің түлектерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! Оларға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жоғары маркасына лайықты кәсіби жетістіктер тілейміз!

Без рубрики