Ұлы Жеңіс Күнімен!


2019 жылы 8 мамырда, біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 74 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚарМТУ әскери кафедрасының офицерлері Ұлы Отан соғысының ардагеріне барды.

Бізді отставкадағы капитан Александр Петрович Голованов және оның үлкен отбасы – балалары, немерелері мен шөберелері қарсы алды. Ардагер офицерлерді қуанышты қарсы алды. Ол бізге соғыс және бейбіт уақыттағы өмір тарихын айтып берді. Біз бүкіл ел үшін ең қорқынышты уақыт туралы көп әсерлі мәліметтер білдік. Соғыс жылдарының сарғайған фотосуреттері бар альбом парақтай отырып, Александр Петрович бізге өз батырларын, жауынгерлік достары туралы айтып, марапаттар көрсетті. Әңгіме соңында естелік суретке түсірілді.

Осы мереке күндері әр ардагерге денсаулық, бейбітшілік, жақсылық, молшылық, амандық және махаббат тілейміз!

Без рубрики