Романтикамен ұштасқан практика


Геология және геофизика саласында болашақ мамандарды даярлауда студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыратын далалық практика маңызды құрамдастардың бірі болып табылады.

2-ші оқу семестрінің соңында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының студенттері оқу далалық танысу практикасынан өтеді.

Осы жылы ГПР-21-1,2,3 тобының студенттері кафедраның жетекші оқытушыларының жетекшілігімен Қарқаралыдағы университеттің спорттық-сауықтыру лагерінің базасында осындай практикадан өтті.

Студенттердің оқу практикасында жүргізетін жұмыстары жер бетінде космос түсірілімдері арқылы, топографиялық карталар көмегімен бағдарлауды, геологиялық объектілерді бір-бірінен ажырата білуді, олардың сипаттамалары мен орналасуын білуді, компас және GPS-навигаторлар көмегімен денелер морфологиясын анықтауды талап етеді. Сондай-ақ далалық журналда геологиялық денелердің жер бетіне шығуының сипаттамасын жүргізуді, геологиялық объект бойынша пайдалы қазбалармен қима және стратиграфия жасауды қажет етті. Барлық қажетті жұмыстарды орындағаннан кейін зерттелетін аумақ бойынша алынған деректер қорғау үшін ұсынылады.

Екі апта бойы болашақ геологтар Қарқаралы қыратына жаяу шықты. Геологиялық маршруттардың романтикасы қазіргі заманғы радиометрия, грави — және магниттік барлау аспаптарын пайдалана отырып жүргізілетін барлау жұмыстарын жүргізумен үйлесімді ұштасты.

Без рубрики