Сіздерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей жоғары оқу орындарында оқуға құжаттар қабылдау ашылғанын хабарлаймыз:
- Томск политехникалық университеті
(Томск қ., Ресей) – https://abiturient.tpu.ru/bachelor - Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті
(Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей) – http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta - Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті
(Санкт-Петербург қ., Ресей) – https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/ - Орал мемлекеттік тау-кен университеті
(Екатеринбург қ., Ресей) – https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html - Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті
(Мәскеу қ., Ресей) – https://bmstu.ru/bachelor/majors - Тюмень индустриялық университеті
(Тюмень қ., Ресей) – https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/ - Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университеті
(Иркутск қ., Ресей) – https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni - Санкт-Петербург мемлекеттік университеті
(Санкт-Петербург қ., Ресей) – https://spbu.ru/postupayushchim/programms/bakalavriatҮміткерлерге қойылатын талаптар:- бакалавриаттың 2, 3 курс студенттері (грант және келісімшарт негізінде оқитындар);
- ағымдағы GPA – 3.0 және одан жоғары;
- орыс тілін меңгеру;
- мамандықтың сәйкес болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
- кафедра меңгерушісі мен факультет деканының қолы бар ұсыным хаттар;
- үлгерім транскрипті (https://ssc.kstu.kz/reference-student);
- жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі;
- мектеп аттестаты мен қосымшасының көшірмесі.
Қосымша (бар болған жағдайда):
- көп балалы отбасын растау туралы анықтама;
- ата-анасыз қалған немесе жетім студент екенін растайтын құжат;
- мүгедектікті растайтын анықтама;
- республикалық немесе халықаралық деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларға қатысқандығын растайтын сертификаттар, дипломдар және грамоталар.
Қабылдаушы университеттің талап етуі бойынша қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.
Іріктеу кезінде тең ұпай жинаған жағдайда басымдық беріледі:
- GPA көрсеткіші жоғары үміткерлерге;
- шет тілін жоғары деңгейде меңгерген үміткерлерге;
- ата-анасыз қалған немесе жетім студенттерге;
- бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға;
- көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.
Шығындардың бір бөлігі университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен өтеледі (жол жүру, тұру және медициналық сақтандыру шығындары).
Құжаттар 2025 жылғы 7 қарашаға дейін университеттің бас ғимараты, 241-кабинетте қабылданады.