Құрметті студенттер!


Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университетінің Жоғары математика кафедрасы көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, профессор, математик Әлімхан Әбеуұлы Ермековты еске алуға арналған математика пәні бойынша студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту; неғұрлым талантты және дарынды студенттерді қолдау үшін жағдай жасау; жастар арасында ғылыми білімді тарату және танымал ету болып табылады.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиада 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін On-line тестілеу форматында өтеді.

Олимпиадаға қатысқысы келетін студенттерге сілтеме бойынша тіркеу формасын толтыру қажет:

https://forms.gle/LbJfQFC3CQ8FFPi17

27.04.2022 ж. сағат 15.00-де Сіз көрсеткен электрондық мекенжайға on-line тестілеуге сілтеме жіберілетін болады.

Без рубрики