Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылғы 29-30 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында өтетін, Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «XVIII Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірген қатысушылардан
2026 жылдың 3 сәуіріне дейін Ұйымдастыру комитетіне төмендегі материалдарды ұсынуларын сұраймыз:
— үлгі бойынша толтырылған қатысуға өтінім;
— талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама тезистері;
— плагиаттың бар немесе жоқ екендігін растайтын анықтама (антиплагиат).
Конференцияға қатысу тегін.
Конференция жұмыстарының жинағы ISBN-мен конференция өткеннен кейін басып шығарылады және ҚарТУ сайтында электронды форматта орналастырылады.
Конференцияға қатысу үшін материалдар келесі электронды мекен-жайға жіберілуі керек: saginov_readings@ktu.edu.kz
Байланыс ақпараты:
Пошталық мекенжай: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев данғ., 56. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ (бас корпус, 2 қабат, каб.226).
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Сулеев Бахтияр Даниярович.
Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34.