Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 2025 жылдың 28 мамыр айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Әлімхан Ермеков – білім мен еркіндік жолындағы ұлт тұлғасы» атты Халықаралық ғылыми–практикалық конференция өткізеді.
Конференцияда келесі секция жұмыстары жоспарлануда:
- секция. Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси қызметі;
- секция. Әлімхан Ермековтың ғылыми мұрасы және қазіргі инновациялық процестер;
- секция. Қазақ зиялыларының тарихи жады мен тағдыры.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияға қатысуға ниет білдірушілерді 2025 жылдың 16 мамыр айына дейін Ұйымдастыру комитетіне жіберулеріңізді сұраймыз:
- қоса беріліп отырған форма бойынша қатысуға өтінім беру;
- төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама тезистері.
Конференцияға қатысу үшін материалдарды conference@ktu.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.