Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне Рессей университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:
- Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
 - Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
 - Томск политехникалық университеті (Томск., Ресей) https://abiturient.tpu.ru/bachelor
 - Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
 - Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/
 - Орал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
 - Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) https://bmstu.ru/bachelor/majors
 - Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей) https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/
 - Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni
 
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- гранттық және шарттық негізде білім алатын 2, 3 курс бакалавриат студенттері;
 - GPA – 3.0 және одан жоғары
 - Орыс тілін білу
 - Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті
 
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, факультет деканы қолымен)
 - ЖОО-ның ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт («Универ» АЖ-да транскрипт алуға болады);
 - жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;
 - білімі туралы құжаттар (аттестаттың/дипломның көшірмесі).
 
Болған жағдайда:
- білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
 - студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін;
 - студенттің мүгедектігін растайтын құжат
 
Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!
Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балдары тең болған кезде артықшылығы болады:
- GPA баллы жоғары үміткерлер;
 - Шет тілі бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер;
 - жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
 - бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар;
 - көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.
 
Шығыстарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығыстары, тұруға арналған шығыстар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығыстар).
Өтінім беру үшін 25.10.2024 дейін 241 кабинетке (бас корпус) хабарласуыңызды сұраймыз.