Құрметті білім алушылар!


Сіздерді АҚШ-тан келген ағылшын тілінде сөйлейтін Эммет Кэшмэн жүргізетін ағылшын тілінің тегін курстарына және Speaking Club-қа шақырамыз!

Ағылшын тілі курстарын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетіне ағылшын тілін оқытуға келген, ағылшын тілінде сөйлейтін Fullbright (English teaching assistant) стипендиаты, Эммет Кэшмэн жүргізеді.

Курс тіл деңгейін жоғарылатқысы келетін бакалавриат, магистратура және докторантура студенттеріне арналған

Курстар төмендегі кесте бойынша тегін өтеді:

  1. General English Sessions: Дүйсенбі/Сәрсенбі — сағ. 15.00-ден, сағ. 16.00-ге дейін. (Бас корпус, 238-дәрісхана)
  2. Speaking Club: Жұма — сағ. 15.00-ден, сағ. 17.00-ге дейін. (1-корпус, 421-дәрісхана) 

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp арқылы хабарласыңыз: + 7 707 529 73 49 (Бибігүл Әлиева)

Без рубрики