Құрметті арулар, ардақты әріптестер, қадірлі білім алушы қыздар!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті атынан Сіздерді сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға қуаныш, жылылық пен мейірім әкелсін! Қазіргі таңда әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында белсенді еңбек етуде. Университеттегі білім мен ғылым саласында табанды еңбек етіп, қоғамға өз үлестерін қосып жүрген нәзік жанды әріптестерімізді әрдайым құрмет тұтамыз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шығармашылық қабілеттеріңіз орасан зор. Мерекелеріңізбен, қымбатты ханымдар! Жүректеріңіз әрдайым нұрға бөленіп, өмірлеріңіз шаттыққа, бақытқа, жаңа идеяларға және шабытқа толы болсын!

Без рубрики