Рига техникалық университетінен ғалымдардың іс-сапары


«Қайта жаңаратын қорларды пайдаланумен экологиляқы инжиниринг және тұрақты даму» магистерлік бағдарлама дамыту бойынша Темпус-4 жобасының шеңберінде 2014 ж., сәуір айының 21-нен 25-не дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне Elina Dace, Dr.sc.ing.,docent, Dagnija Blumberga, Dr.habil.sc.ing.,professor, Jelena Ziemele, Dr.sc.ing.,docent, Edgars Vigants, Dr.sc.ing.,docent мүшелігімен Рига техникалық университетінің делегациясы іс-сапармен келді.

Ғалымдар экологиялық инжиниринг бойынша мастер-класс өткізіп, «Болашақ эргономикасы» қуат тиімдеу және экосақтау идеяларының Халықаралық конкурс шеңберінде презентацияны өткізді.

Сонымен қатар ғалымдар студенттер, магистранттар мен оқытушылар тобымен «Темір» кәсіпорнына барып, кәсіпорынның қуат тиімділігіне зерттеу жасады.

Студенттер, магистранттар мен оқытушылар кәсіпорынның қуат сақтау мәселеелрін шешуге презентацияларын ұсынды. Өз презентацияларын сәтті қорғағандар «Certificate for participation in thematic lectures (Environmental Technologies, Renewable Energy, Boiler Houses and Cogeneration, Energy Efficiency, Waste management) from the Riga Technical University» халықаралық сертификаттарға ие болды.

Без рубрики