РЭТ мамандығының 2 курс студенті Алимов Торехан Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды


АҚ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» 2021 жылдың 15 қарашасында 5В071900 — «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді. Оған Қазақстанның 11 ЖОО-нан 31 қатысушы қатысты.

Олимпиада жеке форматта өтіп, «Электр байланысының теориясы», «Электрондық және өлшеу техникасының негіздері», «Электр тізбектерінің теориясы» пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.

Олимпиадалық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша РЭТ 19-2 тобының студенті Алимов Төрехан Қайратұлы үшінші орынға ие болды.

Без рубрики