2024 жылғы 27 ақпанда куратор Сакенова С.Ж. РЭТ-23-1 тобында «Еңбек қатынастарын реттеу (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі)» тақырыбында кураторлық сағатының мастер-классын өткізді.
Куратор сағатының мақсаты – еңбек қатынастарының негізгі ұғымдарымен таныстыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің мәні мен негіздерін түсіндіру.
Мастер-классқа БЖТ кафедрасының меңгерушісі Калиаскаров Н.Б., Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес мүшесі Бокижанов Г.И., Патриоттық тәрбие ҒЗИ басшысы Бушманова Б.А., Патриоттық тәрбие ҒЗИ әдіскері Мухамбеталина С.Т., БЖТ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, аға куратор мен кураторлар – Белик Г.А., Сарсембаев Е.А., Ныгиметжанова С.К. қатысты.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен қысқаша ақпарат, еңбек қатынастарының маңыздылығы туралы слайд және бейнеролик көрсетілді. Ұсынылған материалды бекіту үшін оқушылар арасында ойын ойнатылды.
Мастер-класс соңында куратор Сакенова С.Ж. кураторлық сағатты қорытындылап, шақырылған қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, қатысқан студенттерге ізгі тілектерін білдірді.