РЭТ-23-1 тобында «Академик А.Сағынов – Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің ғалымы және ұйымдастырушысы, Қарағанды техникалық университетінің негізін қалаушы» тақырыбындағы шеберлік сағаты өткізілді


2023 жылдың 23-қазанында куратор Сакенова С.Ж. РЭТ-23-1 тобында «Академик А.Сағынов – Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің ғалымы және ұйымдастырушысы, Қарағанды ​​техникалық университетінің негізін қалаушы» тақырыбындағы шеберлік сағатын өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты — Әбілқас Сағыновтың өмірбаяны мен ғылыми және еңбек жолындағы қызықты деректермен танысу. Сондай-ақ, университет дамуының негізгі кезеңдерімен танысу және А.Сағыновтың ҚарТУ-дың қалыптасуына қосқан үлесін зерттеу.

Шеберлік сағатына БЖТ кафедрасының аға кураторы мен кураторлары, БЖТ кафедрасының меңгерушісі Калиаскаров Н.Б., Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес мүшесі Бокижанов Г.И. және Патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Бушманова Б.А. қатысты.

Іс-шарада академик Әбілқас Сағыновтың өмірбаянынан, ғылыми және еңбек қызметінен деректер келтірілді. Сонымен қатар, ҚарТУ-ға 2022 жылдың ақпан айында А.Сағыновтың есімі берілгені, ал оқу орны биыл 70 жылдық мерейтойын атап өткені айтылды. Ұсынылған материалды бекіту үшін студенттер арасында ойындар өткізілді, нәтижесінде «Самұрық» командасы жеңіске жетті.

Сонымен қатар, студенттер Құрақбай Аружан, Құсайынова Бибінұр және Мейірбекқызы Гүлмереке кураторлық сағат тақырыбына арналған өз өлең жолдарын оқыды.

Шеберлік сабағының соңында куратор С.Ж.Сакенова кураторлық сағатты қорытындылап, ал шақырылған қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, қатысқан студенттерге ізгі тілектерін білдірді.

Без рубрики