РЭТ-19 ср тобының студенті Фу Роман таэквондодан Еуропа чемпионатында қола медаль иегері атанды


2021 жылдың 22 қазанынан 30 қазанына дейін Грецияда Таэквон-до ITF бойынша Еуропа чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Еуропаның 26 елінен 1500-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан үшін Бұл Еуропа чемпионатына қатысудың алғашқы тәжірибесі болды.

Фу Роман, Қарағанды техникалық университетінің студенті, 3 орынды иеленіп, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Романды осындай үлкен жеңісімен құттықтаймыз және біздің студенттер тек оқу процесінде ғана емес, сонымен қатар, жоғары деңгейдегі спорттық жарыстарда да жетістікке жететіндерін мақтан тұтамыз.

Без рубрики