РЭТ-19-1 және РЭТ-19-2 тобының студенттері АҚ «Қазақтелеком» Энергетика және климаттық инженерия орталығына келді


2022 жылдың 30 қыркүйегінде РЭТ-19-1 және РЭТ-19-2 тобының студенттері БЖТ кафедрасының аға оқытушысы – Сарсембаев Е.А.ның жетекшілігімен АҚ «Қазақтелеком» Энергетика және климаттық инженерия орталығына барды.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі қалаларын жоғары жылдамдықты цифрлық ағындармен байланыстыратын көліктік талшықты-оптикалық сақина болып табылатын Ұлттық ақпараттық супермагистральға иелік етеді.

Энергетика және климаттық инженерия орталығы кәсіпорындағы маңызды рөлдердің бірін атқарады. Ол жерден энергетика саласының жағдайын бақылау және кәсіпорынды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Энергетика және климаттық инженерия орталығы желдету, ауа баптау, тоңазыту және автоматтандыру жүйелерінің жұмысын толық қамтамасыз етеді. Жүйелер мен жабдықтардың жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтар жағдайларын талдау және ақауларды жою және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау Энергетика және климаттық инженерия орталығының тағы бір маңызды міндеті болып табылады.

Бұл экскурсияның негізгі мақсаты – түлектерді оқу орнын бітіруге дайындау және кәсіпорын базасында өзекті тақырыптарды таңдау, одан әрі АҚ «Қазақтелеком -мен жемісті және тығыз ынтымақтастық орнату.

Без рубрики