Республикалық студенттік ғылыми конференция


2015 ж. 16-17 сәуір Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ««Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асырудағы  жастар ғылымының үлесі» атты Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтеді.

Форумға 346 баяндамаларымен Қазақстан және ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінің студенттері, магистранттары қатысаты.

Конфернцияның ашылуы сағ 10:00-де ҚарМТУ-дың жиын залында өтеді.

Пленарлық отырыста мынадай өзекті тақырыптар бойынша сөз қозғалады: ««Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру шеңберіндегі жастардың қызметке тұруының рөлі», «Тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі қуат үнемдейтін вакуумдық радиаторлар», «Қазақстанда биотехнологиялық  дәрілік заттардың даму перспективалары» және т.б.

Сонымен қатар, 14 секцияның жұмысы жоспарлануда:

Қуат тиімділігі және қуат үнемдеу

Биотехнологиялар

Автоматтандыру және басқару

Тау-кен ісі

Машинажасау

Металлургия және материалтану

Көлік

Құрылыс және сәулет

Экономика және менеджмент

Механика және қолданбалы математика

Техникалық  физика

Саясат . Тарих. Әлеуметтану

Кәсіби білім

Ақпарттық технологиялар

Екі күн бойы инновациялық идеялар мен студенттердің берілген ғылыми бағыттар бойынша жасаған ұсыныстары қарастырылады.

Конференцияның жабылуы және қатысушыларды марапаттау 17 сәуір сағ 16:00- де өтеді

Без рубрики