Республикалық бейнепрезентациялар конкурсының қорытындысы шығарылды


Волонтерлік қозғалысты дамыту, жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында 2023 жылғы 8-20 ақпан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі мен мәдениеті кафедрасы «Волонтерство – добро с большой буквы» атты республикалық бейнепрезентациялар байқауын өткізді.

Байқауға Қазақстанның 10 жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қ.), Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Алматы қ.), Astana International University (Астана қ.), «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ (Ақтөбе қ.), Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ (Қостанай қ.), С. Торайғыров атындағы ПМУ (Павлодар қ.), «Көкшетау жоғары медициналық колледж», «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі (Балқаш қ.), «Медицина колледжі» КМҚК (Балқаш қ.), сондай-ақ біздің университеттің студенттері.

Жақында конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады.

Мемлекеттік тілдегі жұмыстар арасында:

І дәрежелі дипломмен — Мағруп Ілияс (жетекшісі — Серикова А.Ж.), «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі (Балқаш қ.);

II дәрежелі дипломдармен — Омарова Асылжан, Сұлтонбек Фарида СИБ-22-3 (жетекшісі — Сейдахметова З.К.), Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.);

III дәрежелі дипломдармен — Рысбай Дәурен, Берікжанұлы Нұрасыл (жетекшісі-Алдашева Г.Б.), «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ (Ақтөбе қ.); Айқын Жадыра (жетекшісі — Тимохина Т.В.), ПСК-22-1 тобы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.).

Орыс тіліндегі жұмыстар арасында:

І дәрежелі диплом — Урумаев Данель, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қ.);

II дәрежелі дипломдармен — Шаншаров Диас (жетекшісі — Тлеумбетова Д.Б.), АиУ-22-2 тобы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.); Замят Ангелина (жетекшісі — Иванова С.А.), Арх-22-5 тобы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.);

III дәрежелі дипломдармен — Нұрғалиева Толғанай (жетекшісі — Кишенова А.Ю.), Арх-22-2 тобы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.); Айтманова Динара, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Алматы қ.) марапатталды.

Сондай-ақ, конкурстық комиссия үш номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтады.

«Рухты белсенді» номинациясы – Абзалбек Аружан, Үсенов Бағылан (жетекшісі Баймамыров С.А.) ИС-22-1 тобы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.);

«Медицина жастары» номинациясы – Қалхаманова Әлия, «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ (Ақтөбе қ.);

«Жыл жүрегі» номинациясы — Зияшева Даяна (жетекшісі — Тәжібаева С.М.) Э-22-1 тобы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.); Қуанышбек Аида (жетекшісі — Қабанова А. Б.) ИС-22-2 тобы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.).

Ұйымдастырушылар байқаудың барлық қатысушыларына белсенділігі мен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді.

Без рубрики