Республика күніне арналған эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ


Бекітемін

                                         ЖСД директоры

                                      _______Р.Р. Бузяков

                                           2022 ж. «__»_______

 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің білім алушылары арасында Республика күніне арналған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Осы Ереже Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің (бұдан әрі — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) білім алушылары арасында Республика күніне арналған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оған қатысу шарттарын айқындайды;

1.2 Байқауды ұйымдастырушылар Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Жастар саясаты департаменті, «Жас Орда» жастар қауымдастығы.

 

2. КОНКУРС МІНДЕТТЕРІ

2.1 Жастардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу;

2.2 Жастардың бойында патриоттық сананы, ел тарихына қатыстылығын тәрбиелеу;

2.3 Студенттерді белсенді шығармашылық қызметке тарту.

 

3. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

3.1 Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ барлық курстар студенттері мен магистранттары.

 

4. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

4.1 Конкурстық жұмыстар 2022 жылдың 15 қазанына дейін saginovjastary@gmail.com электрондық поштада қабылданады. Сұрақтар бойынша WhatsАpp-қа 8 700 510 50 05 нөмірі бойынша хабарласуға болады;

4.2 Бір қатысушыдан бір ғана жұмыс жіберілуі мүмкін.

 

5. ЭССЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Байқауға ұсынылған жұмыстар мазмұны мен ресімделуіне қойылатын келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

— конкурс тақырыбына сәйкестігі;

— автордың жеке ұстанымын, идеяның өзіндік ерекшелігін және тақырыпты стандартты емес ракурстан қарау;

— автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.

5.2 Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:

— конкурс жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

— жұмыс форматы — Word; жол аралық интервал – 1,0; Times New Roman қарпі — 14 кегль. Жұмыс көлемі 2 беттен аспауы керек. Дәйексөзді келтірген кезде дереккөз сілтемелерде көрсетіледі.

5.3 Эссенің негізгі бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:

— білім беру мекемесінің толық атауы, тақырыбы;

— автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.

 

6. КОНКУРС ШАРТТАРЫ

6.1 Конкурсқа қатысу осы Ереженің талаптарымен толық келісуді білдіреді;

6.2 Қатысушылар осы Ереженің талаптарымен танысуға міндетті;

6.3 Конкурс комиссиясы талаптарға сай келмейтін жұмысты қабылдаудан бас тартуға құқылы.

 

7. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

7.1 Қорытындысын конкурстық комиссия шығарады, ол 3 жүлделі орынды анықтайды;

7.2 Комиссия құрамына ҚХА және ӘГП, қазақ тілі мен мәдениеті, орыс тілі мен мәдениеті кафедраларының оқытушылары, жастар саясаты департаментінің қызметкерлері және жастар ұйымдарының мүшелері кіреді.

Без рубрики