Сіз ректорға сұрақ, ұсыныс немесе тілекпен осы жерге хабарласа аласыз.
Сұрақтарды жариялау кезінде хабарлаудың біртума мәтіні сақталады (орфография, пунктуация), сұрақты барынша нақты және сауатты құраңыз.
Ректордың блогында орынсыз сұрақтар мен жасырын өтініштердің көбеюіне байланысты сұрақ қойғанда аты-жөнін, группа, оқитын институтты жазу кенрек. Қызметкерлерге – құрылымдық бөлімді атап кету қажет.
Жолданым жіберу үшін сұрақ тақырыбың таңдаңыз.
Сұрақ тақырыбы:
Құрметті Арыстан Мауленұлы!
Сізді келіп жеткен «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыңызға амандық, бақ-береке, жұмыстарыңызда сәттілік пен жетістік тілеймін.
Біздің Ақтөбе облысының зиялы қауым өкілдері Сізді және сіз басқарып отырған ұжымға алғысы шексіз. Оның дәлелі Әйтеке би бабамыздың 370-жылдығына арнап, ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғаныңыза халқымыз дән риза. Бұл біздің мемлекеттігімзідң тарихын жас ұрпаққа насихаттаудағы сіздің ерен еңбегіз деп білеміз. Үнемі осындай игі істерде сізге шығармашылық табыс тілеймін!
Сәлеммен, п.ғ.к.,доцент Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы
Құрметті, Арстан Мауленович!
ҚарМТУ-да жылы қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын! Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын және серіктестігіміз ұзаққа созылады деген үміттемін!
Сіздің және университеттегі әріптестерімнің арқасында қонақжай Қазақстан туралы Ригаға тек қана жылы және жақсы естеліктермен оралдым.
Ізгі ниетпен,
Денис Щеулов
Университеттердің Еуразиялық Қауымдастығының құттықтауы!
Сізді және профессорлар мен оқытушыларды, студкнттер мен аспиранттарды, барлық жоғары оқу орын қызметкерлерін жаңа 2014/2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Университеттердің Еуразиялық Қауымдастығымен нәтижелі ынтымақтастықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Сіздердің сан қырлы қызметтеріңізге жаңа табыстар тілеймін!
Обращение:
Уважаемый Арстан Мауленович!
Пишут Вам студенты гр. БЖД-10-2 – Кодимская Т., Туленов Е., Хомец Ж., Байжанова С., Жакентаева А. Хотим поблагодарить Вас и ректорат за разъяснительную работу по траекториям обучения.
5 июня 2012 года нас – студентов и заведующих кафедр РАиОТ и ПЭиХ пригласили к Портнову В.С., где грамотно, очень корректно была проведена с нами беседа и даны разъяснения по нашему вопросу. Все наши просьбы были удовлетворены.
Студенты гр. БЖД-10-2
Обращение:
2012 жылдың 14 желтоқсан күні ҚарМТУде «Қазіргі жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың проблемалары мен әдістері» II Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушы ҚарМТУ әкімшілігіне, ұстаздарына алғысымызды білдіргім келеді. Біз өткен оқу жылында да бұл конференцияның қатысушылары болып үлкен ризашылықпен қайтқан болатынбыз. Биыл одан да жақсы мазмұнда өткен конференцияға дән ризамыз.
Жалпы конференция жоғарғы деңгейде өтті деуге негіз бар. Себебі «Қазіргі жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың проблемалары мен әдістері» II Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда пікір алмастық және тәжірибе жинадық. Әр түрлі оқу орындарынан келген қонференция қатысушылары өз баяндамаларымен қатар өз пікірлерін ортаға салды. Сол арқылы қазіргі жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың проблемалары мен әдістері мәселенің өзектілігі көрінді. Қазақстандағы жастар арасындағы патриотизмді қалыптастыру қоғамға ортақ маңызды мәселе, конференцияның маңыздылығы да сонда. Бұл конференциядан жастарды рухани жағынан көтеретін, отанды сүюге шақырған дәлелді, дәйекті ақпараттарды алдық.
Мұнымен қоса осы конференцияда басынан бастап ақпараттық хаттарды таратып, мақалаларымызды қарап, қабылдап, жинақты ұсынған ұйымдастыру комитетіне үлкен ризашылығымызды білдіреміз, әсіресе бізбен тікелей жұмыс жасаған Сламбекова Әйгерімге алғысымыз үлкен.
ҚарМТУ әкімшілігіне, ұстаздарына барлық осы шараның басы-қасында жүрген қызметкерлерге денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін. Келесі оқу жылында осы конференцияда амандықпен кездесейік деп тілек білдіреміз.
Құрметпен конференцияға қатысушы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушылары мен студенттері атынан т.ғ.к. М.С. Амрина, тарих магистрі Н.Б. Смағұлов және студенттер Г.Түсіпбекова, Ә.Жабагина, Е.Нурмангалиев, Жұмағалиқызы Лаура.