ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Saginov Technical University-нің ғылыми әлеуетімен танысты


Экскурсия барысында вице-министр «Нанотехнология және металлургия», «Энергетикадағы цифрлық технологиялар» және «Тау-кен ісінде цифрлық технологиялар» ғылыми-білім беру кешендерін аралап көрді. Сондай-ақ «Минералдық шикізатты кешенді игеру» және «Метан энергетикасы» инженерлік профиліндегі зертханаларының жұмысымен танысты.

Гүлзат Көбеноваға жасанды интеллект технологияларын дамыту және IT-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ИИ-зертханасының жұмысы баяндалды. Экскурсия аясында «Schneider Electric» және Mitsubishi Electric – Казпромавтоматика авторлық оқыту орталықтары, Лазерлік геосканерлеу орталығы, Халықаралық материалтану орталығы, Дәнекерлеу институты және жақында ашылған Эко-хаб алаңы көрсетілді.

Университетпен танысу барысында вице-министрге жүзеге асырылып жатқан гранттық жобалар, заманауи жабдықтар, әзірлемелер мен стартаптар туралы да мәлімет берілді.

Вице-министр университеттің жоғары ғылыми әлеуеті мен білікті кадрларының мүмкіндіктерін, сондай-ақ инновациялық жобаларды дамыту және технологияларды енгізу бағытындағы жұмысын жоғары атап өтті.

Без рубрики