ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсын жариялайды


  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін    Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
  • педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн     Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
  • түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
  • 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.

Негіздеме: 2011 жыл 19 шілде  №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) қабылданады. 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 7 қазан 2022 ж. 

Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 226 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.

 

Без рубрики