«РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»


2020 жылдың 4 мамырында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының оқытушылары, ф.ғ.к., доцент м.а. С.А. Кенжеғалиев, аға оқытушы, п.ғ.м. К.К. Нуржанованың ұйымдастыруымен онлайн форматта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты танымдық сабақ өткізілді (қатысқан адам саны-25).
Танымдық сабақтың мақсаты:
Білімділігі: студенттердің мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: студенттерді ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;
Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
Кіріспе бөлім: Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұрпағымыз. Сондықтан өз жерімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!
Танымдық сабаққа қатысқан БТ-19-2 тобының студенттері мемлекеттік рәміздер тарихына тоқталып, деректермен бөлісті. Рәміздер туралы жазылған өлең жолдарын жатқа оқыды.

Без рубрики