Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Бұл жұмыстарды жүйелі түрде талдау мақсатында DeepSeek ЖИ құралы енгізіліп, келесі нәтижелер алынды:

ҚарТУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде жұмыс істейді: алдын алу, тәрбиелеу, қатаң регламенттеу және бақылауды үйлестіреді. Жұмыс студенттік топтардан бастап университет басшылығы мен ғылыми бөлімшелерге дейін барлық деңгейде жүргізіледі, бұл Қазақстан заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, ЖОО-да жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмысы үшін комплаенс-офицер Гүлден Сейдимбекова Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тарапынан адалдықты насихаттағаны және қоғамда ізгілікті мәдениетті қалыптастыруға қосқан белсенді үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Без рубрики