ҚР Мәжіліс депутаты Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне келді


2025 жылғы 10 қазан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Таңсәуле Ғабдыманапұлы Серіков іссапармен келді.

Сапар барысында университеттің ғылыми-білім беру, зертханалық және инновациялық инфрақұрылымымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Кейін университеттің ғылыми жетістіктері мен студенттердің инновациялық жобалары қойылған көрмемен танысты.

Сонымен қатар депутат заманауи зертханалар мен оқу орталықтарының жұмысын көрді:

  • «Энергетикадағы цифрлық технологиялар» ғылыми-білім беру кешені (баяндамашы – «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Е.Г. Нешина);
  • «Әбілқас Сағынов  атындағы ҚарТУ – Schneider Electric» авторландырылған оқу орталығы (баяндамашы – «Өндірістік үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі В.В. Югай);
  • «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ – Mitsubishi Electric – Қазпромавтоматика» авторландырылған оқу орталығы (баяндамашы – В.В. Югай).

Сонымен қатар, университет ректорымен кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары білім беру жүйесін дамыту, ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейту, инженерлік кадрларды даярлау және ЖИ саласындағы зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.

Сапардың соңында депутат студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Таңсәуле Ғабдыманапұлы инженерлік білімнің маңыздылығын атап өтіп, жастарды елдің индустриялық әлеуетін дамытуға белсенді атсалысуға шақырды және өзінің ғылыми әрі қоғамдық қызметінен мысалдармен бөлісті.

Сапар қорытындысында Мәжіліс депутаты Таңсәуле Ғабдыманапұлы Серіковке «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Құрметті профессоры» атағы берілді.

Без рубрики