QS Word University Rankings – 2024


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS Word University Rankings – 2024 халықаралық рейтингтік агенттігінің деректері бойынша әлемнің үздік университеттерінің тізіміне кезекті рет енді.

Бүгінгі таңда университеттердің ең беделді рейтингтерінің бірі болып табылатын QS World University Rankings университеттерінің халықаралық рейтингі, ал жоғары оқу орындарын бағалау жүйесінің өзі білім сапасын бағалаудың әлемде танылған құралы болып саналады.

Флагмандық рейтингтің жаңа шығарылымында қазақстандық жоғары оқу орындарының саны рекордтық көрсеткішке – 21-ге дейін өсті, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда беске артық. Сонымен қатар, рейтингтің географиясы кеңейді, енді оған Қазақстанның тоғыз қаласынан жоғары оқу орындары қатысады, бұл да рекорд болып табылады: өткен жылғы рейтингте еліміздің алты қаласының жоғары оқу орындары ұсынылды.

Бұл ретте бірнеше жыл бойы қарағандылық «Политех» қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 8-ші орынды иеленді, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға жол беріп, ҚР техникалық жоғары оқу орындары арасында 2-ші орынды және осы рейтингке іліккен Қарағанды өңірінің жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленді.

Университеттің барлық ұжымын университет үшін мерейтойлық жылы қол жеткізген жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз және республиканың барлық жоғары оқу орындарына табыс тілейміз.

Без рубрики