🔰Іс-шара Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында ұйымдастырылып, жарықтандыру тіректерін өндіру технологияларын жетілдіруге бағытталған практикалық инженерлік шешімдер әзірлеуді мақсат етті. Хакатонда Инновациялық технологиялар колледжінің “KITmens” командасы оқытушы Жексембеков Е. Т. Жетекшілігімен екі күн бойы кәсіпорынның маңызды технологиялық міндеттерін шешумен, атап айтқанда: «Ыстық мырыштау кезінде бұранданы сақтау», «Фланецтік негізді дәнекерлеуді автоматтандырумен» айналысты.
📌Жұмыс нәтижесінде команда ТОП-4 үздік команда қатарына еніп, 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды.👏
«Light Engineering» ЖШС директоры Дамир Кайымов атап өткендей, шешімі өндірістік процеске енгізілетін команда кәсіпорынның жылдық үнемі бойынша қосымша 10% бонус алады.


