18–19 желтоқсанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық форум өтті.
Форум QarTech хабы жұмысының қорытындылауға арналған жылдың қорытынды алаңына айналды және өнеркәсіп, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, даму институттары, мемлекеттік органдар, стартаптар мен жас зерттеушілер өкілдерін біріктірді.
Форумның бірінші күні Saginov Technical University базасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының төрт негізгі бағыты: тау-кен металлургия кешені, көмір химиясы және жаңа материалдар, индустрия 4.0 және автоматтандыру, экология және қалдықтарды басқару бойынша кластерлік пікірталастар өтті. Талқылауға бейіндік бағыттағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторының сұраныстарына бағытталған QarTech инкубаторының технологиялық стартаптарының көрмесі жұмыс істеді. Инкубатор жұмысының қорытындысы Demo Day аясында шығарылды.
Форумның екінші күні өнеркәсіп, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық механизмдеріне, сондай-ақ өңірдің экономикасына қолданбалы ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу мәселелеріне арналған «Инновациялық синергия: индустрия – ғылым – мемлекет» атты стратегиялық сессия өтті.
Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев форумның өнеркәсіп, ғылым және мемлекет арасындағы диалогты құруға арналған жұмыс алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, оның практикалық бағыты мен өңір үшін өлшенетін экономикалық нәтиже алуға бағдарланғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің Стратегия және жобалау қызметі басқармасының басшысы Мира Турсумбаева университеттердің инновациялық экожүйенің негізгі қатысушылары – білікті кадрларды даярлаудағы, қолданбалы зерттеулер мен технологиялық шешімдерді дамытудағы, сондай-ақ стартаптар мен инновациялық бастамаларды қолдаудағы рөлін атап өтті.
Форум аясында QarTech технологиялық стартаптар инкубаторының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті – бес команда 500 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар алды. Қолданбалы ғылыми-технологиялық әзірлемелер конкурсының қорытындысы бойынша сегіз жеңімпаз – жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері – 1 000 000 теңгеден сыйақы алды.
Форум аясында инновацияларды мемлекеттік және институционалдық қолдауға, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, технологиялар трансферіне және зияткерлік меншікті қорғауға арналған инновациялық жобалар көрмесі мен салалық эксперттік интернсивтер ұйымдастырылды.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева атап өткендей, форум университеттер мен өнеркәсіптің жүйелі өзара іс-қимылы, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау және Қарағанды өңірінің экономикасына инновациялық шешімдерді енгізуді қолдау алаңына айналды.
Форум жұмысына Қарағанды облысының 80-нен астам серіктес кәсіпорындары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары қатысты, бұл бизнес пен ғылыми қоғамдастық тарапынан өңірлік инновациялық экожүйені дамытуға деген жоғары қызығушылықты растады.
#QarTech #QarTechHub
























