«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау


22 ақпанда Университеттің «Қазақстан тарихы» кафедрасы Инновациялық технологиялар коледжімен бірлесе отырып, т.ғ.д. С.С.Касимова студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Қазақ жері географиялық тұрғысынан тарихи мұраларға өте бай  қасиетті жер екені туралы кеңінен тоқталды. Студенттер үшін бұл тақырып үлкен қызығушылық тудырды. Осындай ақпаратты тыңдай отырып, студенттер ұрпақтан ұрпаққа жеткен бай тарихи мұрамызды білу, мақтан тұту және қорғау, еліміздің әрбір азаматы үшін үлкен борыш деген тұжырымға келді.

Мемлекетіміздің көшбасшысы әлемде жаңа мемлекеттің бейнесін құруда аға ұрпақтың небір тар жол тайғақ кешуді басынан өткізгендігі туралы өзінің қорытынды сөзінде  үнемі айтып отырады. Осыны ескерген әрбір жас ұрпақ  өз елінің тарихын, сақтап, құрметпен қарап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуі тиіс.

 

 

Без рубрики