Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор Закир Тахавиевич Акашевтің құрметіне атаулы оқу дәрісханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ол жоғары техникалық білім беруді дамытуға, ғылыми зерттеулерге және білікті мамандар даярлауға сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым әрі педагог.
Университет басшылығының шешімімен дәрісханаға профессор Закир Тахавиевич Акашевтің есімі ғылым мен білім саласындағы сіңірген еңбегін бағалау мақсатында берілді.
Салтанатты рәсім барысында ҚарТУ Басқарма төрағасы – ректоры Сәуле Сағынтаева профессор З. Акашевтің есімін дәрісханаға беру ұрпақтар сабақтастығының, ғылыми мұраға деген құрметтің және жоғары академиялық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі екенін атап өтті.
Атаулы дәрісхананың ашылуы профессор Закир Тахавиұлы Акашевтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, университет дәстүрлерін сақтауға, академиялық ортаны нығайтуға, сондай-ақ студенттер арасында ғылымға және таңдаған мамандыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталды. Салтанатты іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның әріптестері мен шәкірттері қатысты.













