Профессор С.А. Лебедев 70 жасқа толады


2015 ж. 15 сәуірде ҚР Құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер Одағының мүшесі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының профессоры С.А. Лебедев 70 жасқа толады.

Сергей Алексеевич – мамандығы және әуестігі бойынша сәулетші, керемет педагог әрі ұстаз. 1968 жылдан бастап «Политехте» қызмет ете отырып ол көмекшіден алдыңғы қатарлы профессор деңгейіне дейін жетті. 1997 жылы С.А.Лебедевтің белсенді қатысуымен Университетте «Сәулет» мамандығы ашылды. 18 жыл ішінде студенттік кездерінің өзінде-ақ көптеген республоикалық және әлемдік деңгейдегі шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары атанған 200-ден астам атақты сәулетшілер шығарылды.

Қазақстан Республикасының сәулеттік білім беруінің дамуы мен қалыптасуына сіңірген еңбегі үшін С.А.Лебедев Т.К.Басенов атындағы медалмен марапатталды.

17 сәуір 16:00-де Қарағанды қаласының Бейнелеу өнері мұражайында С.А.Лебедевтің мерейтоына арналған «Коллекция и собственное видение» атты көрме өтеді. Көрмеге барлық қызығушылар шақырылады.

Без рубрики