Пресс-релиз


22 жыл қатарынан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жыл сайынғы түлектер жәрмеңкесін өткізіп келеді.

Ағымдағы жылы бұл іс-шара 7-8 желтоқсанға жоспарланған.

Жәрмеңкені өткізудің мақсаты «ЖОО түлегі – жұмыс беруші» өзара іс-қимылын оңтайландыру болып табылады. Жәрмеңке жұмыс беруші компаниялардың кең ауқымына бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 136 білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайтын университет түлектерімен кездесуге мүмкіндік береді.

Тікелей кездесу барысында жұмыс берушілер жұмыс іздеушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырады және неғұрлым бәсекеге қабілетті үміткерлерді іріктей алады.

Биылғы жылы Жәрмеңке жұмысына 1700-ден астам түлек және 100-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялар, оның ішінде жүйе құраушы кәсіпорындары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс «Корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Maker» ЖШС, «Қазпромавтоматика» ЖШС, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ, , «Имсталькон» АҚ, «Jusan Bank» АҚ, «GeolProject» ЖШС, «ЕРАМ Kazakhstan» ЖШС, «ҚТЖ – МК» ЖШС, «Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» ЕМК және тағы басқалар қатысады.

Жәрмеңкені өткізудің көп жылдық тәжірибесі жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың бұл түрі жұмысқа орналастыру мәселелерін шешудің тиімді тетігі болып табылатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда 2021 жылғы жұмысқа орналастырылған түлектердің саны 93%-ды құрады.

Жәрмеңкенің өтетін уақыты мен орны 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген.

 

Без рубрики