📚2025 жылдың 31 қаңтарында “Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы” КМҚК басшылығымен Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі ЖММ базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы” облыстық байқауы өтті.
📗Байқаудың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық тәжірибесін анықтау, үздік педагогикалық идеяларды тарату, қазақ тілін оқыту процесінде пайдаланатын жаңа әдістерді, авторлық бағдарламаларды әзірлеу және насихаттау.
📕Байқау барысы 3 модуль бойынша жүзеге асып, оқытушылар креативті, жаңашыл ойларымен, тың идеяларымен бөлісті.
📘Осы байқауда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Баймамырова Аяулым Мейрамқызы 3️⃣ орынды иеленді.
👏Жүлделі орынға ие болған әріптесімізді шын жүректен құттықтай отыра, алда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!🙌