Іс-шаралар


Отбасы күні

2013 жылдың 8 қыркүйек айында «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы Новодолинск кентіндегі аз қамтылған отбасыларға арналған «Забота» жеке қайырымдылық қорында «Отбасы күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Бұл қуанышты мерекеде тек оқушылар мен бүлдіршіндер ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналары қатысты. «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен ұл балаларға футболдан турнир, ал кішкентай бүлдіршіндерге қызықты да, көңілді ойындар өткізілді.

DSC09313  DSC09257  DSC09298 DSC09258

 

Республикалық акция «Мектепке апаратын жол»

Қарағанды облысының бала құқығын қорғау Департаменті мен «Ақниет» жастар қайырымдылық қоры, қыркүйек айының 1-30 күндер аралығында, «Мектепке апаратын жол» атта кезекті акциясын өткізеді. Акция мақсаты: аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім және ата-анасының мейірімі мен қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына орай, кеңсе заттары түрінде материалды көмек көрсету.

Жыл сайын акцияға қатысушылар санының артуы қуантарлық жай. Акцияға қаламыздың бизнес-компаниялары, қоғамдық ұйымдары, мемлекеттік мекемелері мен қазақстандықтар қол ұшын созып, көмек көрсетуде.

Сіздерді де қапы қалмай қатысуларыңызды сұраймыз! Бұл акцияға атсалысамын деушілерге ҚарМТУ «Жастар Әлемі» студенттер сарайына кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын тапсыруға болады.

Көмекке зәру қарттар мен балаларға моральді, материалды және психологиялық көмек көрсем деуші волонтерлерге «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының есігі әрқашан ашық!

Волонтерлерді әр аптаның сәрсенбісінде, сағат 15:00-де «Жастар Әлемі» студенттер сарайының екінші қабатында қуана қарсы аламыз! Келіңіздер! «Ақниет» сіздерді күтеді!

y_900ee3d1

 

Волонтерлер саны көбеюде!

Қыркүйек айының 21-жұлдызында «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы волонтерлікке қадам басқан бірінші курс студенттеріне «топ құру» тренингін ұйымдастырды. Тренинг басында әр қатысушы тренингтен қандай әсер күтетіндіктері жайлы ой бөлісті, содан соң ұйымдастырушылар әдетте балалар үйінде ойнатылатын ойындардың техникасымен таныстырды. Болашақ жоспарлар мен әр балалар үйіндегі бүлдіршіндердің психологиялық жағдайларымен бөлісіп, волонтерлерге ескертулер айтылды. Волонтерлер қабілеттеріне сай, өздеріне таныс ойындарын ұйымдастырушыларға ойнатып, таныстырды.

Тренинг соңында қатысушылар 2 топқа бөлініп, болашақта балалар үйі мен қарттар үйінде ұйымдастыратын жобалар мен іс-шара жоспарын құрастырды. Тренинг өте қызықты, әрі жемісті болды! Жақсылық жасауға қадам басқан волонтерлер болашақта балалармен жұмыс жасау ептілігін бойларына сіңірді.

акнет ак акниет

 

«Таңшолпан» балалар үйіне сапар

 2013 жылдың 22 қыркүйек айында «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы «Таңшолпан» балалар үйінің бүлдіршіндерін қызықты бағдарламамен қуантып қайтты. Бүлдіршіндердің әртістік қабілеттерін таныттырған «Крокодил» ойыны өте қызықты өтті. Әр бала ерекше әсер алды. Іс-шараға жалпы 20 бала қатысты, олардың әрқайсысына волонтерлер көңіл бөліп, қамқорлық қөрсетті. Сапар өте көңілді, әрі жоспардағыдай өтті. Ең бастысы волонтерлердің жаңа құрамын бірлестірді!

аааа аа ааа

 

«Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы «Милосердие» қарттар үйінде

2013 жылдың 28 қыркүйек айында «Ақниет» жастар қайырымдылық  ұйымы Волонтерлері қаламыздағы «Милосердие» қарттар үйіне 2 топқа бөлініп барды.  Бірінші топ Волонтерлері ауланы тазартып, екінші топ Волонтерлері  қарттар үйінің ішіне гигиеналық тазартулар жүргізді. Барлық жұмысты бітірген соң Волонтерлер қарттардың қал жағдайларын біліп, олардың бата-тілектерін алды. Қарттар қуанып, марқайып қалды. Волонтерлер келесі аптада тағы да келетіндерін айтып қарттарды қуантты.

1 2 3

 

Ойын Bus әлеуметтік жобаның туған күні

Қыркүйек айының 24 жұлдызында «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының Волонтерлері Теміртау қаласындағы Ойын Bus әлеуметтік жобасының 7 жылдық мерейтойында ат салысты. Балаларға дамытушы ойындар, сурет салу, қызықты жарыс ойындар, боди-арт және т.б. ұйымдастырылды. Бұл әлеуметтік жобаның басты мақсаты әлеуметтік аз қамтылған балаларды ойын арқылы дамыту. Ойын Bus туған күніне балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

456

 

 

 

 

 

 

Күзгі бал

2013 жылы қазан айының 24 жұлдызында «Жастар Әлемі» жастар сарайында «Таңшолпан» және «Нода» атты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Сиқырлы саяхат» күзгі балы өтті. Балдың басты ұйымдастырушылары  «Ақниет» ЖҚҰ волонтерлері. Мерекелік іс-шараға 30 бала ат салысты. Олар бар ынталарымен ойын ойнап, әр түрлі костюм киіп, көңіл көтерді. Мерекелік іс-шарада, жоспар бойынша, балалар жарыстар мен ойындардан құрастырылған 6 бекетті өтулері қажет еді. Мерекелік кеш 3 сағатқа созылды. Барлық балаларға алғыс хаттар мен марапаттау қағаздары тапсырылды. Тәрбиешілер мен балалар «Ақниет» ЖҚҰ волонтерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Кеш соңында барлық қатысушылар, мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиді және аулаға шығып, әуе шамдарын ұшырды.

1 2 3

Без рубрики