Осы жетістікпен тоқтамау керек


Жасұлан Шыңғышев Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде оқығаннан кейін бакалавр дипломын алатын сәтін қанша күтті екен?

Міне, енді ол келесі кезеңді де жеңді.

Жақында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темірбаева және ГПҚКОБ кафедрасының меңгерушісі Ф.М. Исатаева оған 7М07202 – «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлауы» білім беру бағдарламасы бойынша бейінді оқыту магистрі дипломын табыс етті.

Олар Жасұлан Шыңғышевті өміріндегі осы тамаша оқиғамен шын жүректен құттықтай отырып, оған кәсіпте табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Без рубрики