Қостанай облысы бойынша ТЖ жарияланды


2 қыркүйекте Қостанай облысында басталған ауқымды өрттердің салдарынан құрылыстарға зақым келіп, үйлер өртеніп кеткен. Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланып отыр.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы елімізде кең қанат жайған көмек көрсету жөніндегі акцияны бірауыздан қолдап, Қостанай облысында зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын жіберу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, университетте табиғи апат салдарынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына көмек жинау пункті құрылды.

Барлық бей-жай қарамайтындарды шетте қалмауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз!

#көмекҚостанай

Без рубрики