Облыстық студенттер спартакиадасының қорытындысы шығарылды


27 ақпан күні «Жігіт сұлтаны» спорт кешенінде облыстық студенттер спартакиадасының жабылу салтанаты өтті.

Спорттық шараға өңірдің сегіз жоғары оқу орнының командалары қатысты. Жарыс бағдарламасы аясында студенттер спорттың 14 түрі бойынша сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті II орын иеленді. I және III орындарды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен Қарағанды медицина университетінің командалары иеленді.

STU командасын құттықтаймыз және алдағы жарыстарда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики