Оқу процесі


Студенттердің  оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалық дайындығы оқушыларды оқытудың жүйелілігін және үздіксіздігін қамтамасыз ететін оқу үрдісінің басты құраушы элементі болып табылады.

Алғашқы оқу практикасы СОЛ «Политехник» (Қарқаралы қ.) геофизикалық траектория бойынша өтеді. Ол аралықта студенттер геологиялық обьектілерді зерттейді, дала геофизикасының негіздерімен танысады.

Өндірістік және диплом алдындағы практиканың мақсаты пайдалы қазбалар кеніштерінде іздеу, іздеу-бағалау, барлау және тау-кен кәсіпорындарын геофизикалық жұмыстар өндірісінің технологиялық үрдіспен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұңғы каротажын іске асыруда және далалық геофизикалық жұмыстарды жүргізуде практикалық білімдер алу.

Практикалар ЖШС «Казпромгеофизика», ЖШС ҚФ «АзимутГеология», «Тенгиз Шевроил», «Карачаганак Ойл», «Шлюмберже», «Беккер Хьюз» компанияларында өткізіледі.

Кафедра оқуға арналған барлық қажетті жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Олар сабақтарды жоғары деңгейде өткізіп қана қоймай сондай-ақ  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге де мүмкіндік береді.

Кафедра оқытушыларымен мемлекеттік және орыс тілдерінде бырқатар оқу әдістемелері құрастырылған, екі монография шығарылған (профессор Пак Ю.Н.).

Тау-кен инженер-геофизиктерді мемлекеттік тілде оқыту 1993жылдан бастап іске асырыла бастады. Геофизикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі (Пак Ю.Н., Саттаров С.С. 1999ж.).

Геофизикалық мамандық студенттері үшін оннан астам мамандық курстары құрастырылған.

Қазіргі уақытта кафедра түлектерін  Қазақстанның, Батыс Сібірдің және Татарстанның кәсіпорындарында, Тверь мен Москваның ғылыми өндірістерінде,  «Шлюмберже», «Беккер Хьюз», ЖШС «АзимутГеология» компанияларында кездестіруге болады. Олардың арасында: Портнов В.С. –ОПО төрағасы ҚарМТУ Қарағанды қ., Романов А.А.– ЖШС «Казпромгеофизика» басшысы  Алматы қ., Бескаравайный Г.Н. – басты инженер «Поморнефтегазгеофизика» Тверь қ., Матонин В.В. – ЖШС«Экоэксперт»  бастығы Қарағанды қ., Саттаров С.С. — Энергетика және минералдар ресурстарының бөлім бастығы  Астана қ.  және т.б.

2013-2014 оқу жылының кұзгі семестрдің сабақтар кестесі

2013-2014 оқу жылының кұзгі семестрдің ашық сабақтар кестесі

2013-2014 оқу жылының көктемгі семестрдің сабақтар кестесі

2013-2014 оқу жылының көктемгі семестрдің ашық сабақтар кестесі

Без рубрики