Академиялық мәселелер департаментінің директоры


Ударцева Светлана Михайловна

Биографиялық мәліметтер

Қарағанды қаласының жұмысшылар отбасында 1965 жылдың 18 желтоқсаны күні  дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

1989 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, «Машина жасау пәндерінің инженер-оқытушысы» біліктілігіне ие болған.

 1989 қыркүйегі – 1990 жылдың қазанына дейін «Цветметавтоматика» ЖКБ-нда инженер-жобалаушы қызметін атқарды.

1990 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының «Еңбек және АЕТ» кафедрасының оқытушысы.

1993  жылдан жалпытехникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

1996 жылдан Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың  ТҚБ және МТҚ кафедрасының аға оқытушысы.

1999-2000 жж. ТҚБ және МТҚ кафедрасының меңгерушісі.

2009 жылдың шілдесінен бастап, ҚарМТУ-дың «Кәсіби білім беру және әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

2001 жылдың мамырында «Машина жасау бағыты бойынша инженер-педагогті технологиялық дайындаудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.

2003 жылдың сәуір айында ҚР ЖАК-ның шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

Ғылыми-зерттеу аясы – жоғары және кәсіби білім беру педагогикасы, техникалық пәндерді оқыту әдістемесі.

2005 жылғы «ЖОО және жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестік моделі» тақырыбындағы білім беру саласындағы қолданбалы жобалар жасау сайысының жеңімпазы.

2009 жылдан кафедраның ППҚ-мен бірлікте ҚР ҒжБМ-нің «Әлеуметтік серіктестік негізінде техникалық және қызмет көрсету бойынша кадрлар дайындаудың сапасын арттыру» тақырыбындағы  білім беру саласындағы қолдабалы жобалар байқауының жеңімпазы атанды.

Слайд-лекциялары:

  • ISO 9001:2000  бойынша менеджмента сапасы жүйесінің негізгі ережелері
  • Қақтығыстық жағдайларды басқару психологиясы
  • ЖОО-нда білім алу кезінде студенттің тұлғасын және танымдылығын арттыру
  • Қазіргі заманғы кәсіби бағыттаудың әдістері, құралдары, формалары.

 

Без рубрики