«Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлымен «Адалдық сағаты»


19.12.2022ж Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлымен «Адалдық сағаты» өткізілді. Студенттер оның өмірлік ұстанымы туралы бейнероликті тамашалады.

Бейнероликті көргеннен кейін пікірталас барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске студент жастарды белсенді тарту, студенттердің арасында адалдық қағидаларын нығайту мәселелерін талқылады. Колледж студенттері Нұржігіт Оразалыұлының позициясымен толықтай келіседі.

(қамтылуы-80 адам)

Без рубрики